27.04.2017, 09:48

Еліміздің оңтүстік облыстарында қар жауады деп күтілуде

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында күннің күрт суытуына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет".

28 сәуір күні Жамбыл облысында жауын жауып, оның соңы қарға ұласады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жауып, күн күркірейді. Сондай-ақ, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерде 25 метрге дейін жетуі мүмкін. 29-30 сәуір күндері ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде түнде 3 градустық аяздар орнауы ықтимал.

28 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында толассыз жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерде бұршақ жауып, күн күркірейді. Сондай-ақ, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерде 25 метрге дейін жетуі мүмкін. 28-30 сәуір күндері түнде -2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Алматы облысында да 28 сәуірден 1 мамырға дейін жауын жауып, соңы таулы аудандарда қарға ұласады.