Алматыда бір түн ішінде жауын-шашынның айлық нормасының үштен бірі түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
60 учаскені су алған. "Алматы қалалық ТЖД, қаланың Құтқару және коммуналдық қызметтері су сору шараларын жүргізіп жатыр. 369 адам жұмылған, 55 дана техника және 24 мотопомпа тартылған", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.
"Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", - деп хабарлаған еді осыған дейін құтқарушылар.
Сонымен қатар, бөгеттің қирағаны жайлы мәлімет жоққа шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.