$ 498.34  519.72  4.85

Қырғызстанда лай көшкінінің астында 24 адам қалды

Қырғызстанда сел жүрді. 1 миллион текше метрге жуық лай көшкіні 11 үйді түгелдей басып қалған. Бұл туралы Sputnik.kg порталы елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға бүгін таңертең сағат 7 шамасында Үзген ауданының Аюу ауылында орын алған.

"Лай көшкінінің астында 24 адам қалды. 4 үйде ешкімнің тұрмайтыны белгілі. Биыл наурыз айында ТЖМ жергілікті тұрғындарға қауіпсіз аймаққа көшуге ұсыныс жасаған. Бұл үйлердің қауіпті аймақта тұрғаны ескертілді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда лай астында қалған адамдардың тағдыры белгісіз. Апат салдарымен күресуге 100-ге жуық құтқарушы мен арнайы техникалар келген. Құтқарушыларды төтенше жағдайлар министрі Қубатбек Бороновтың өзі бастап келіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары