29.04.2017, 05:59

Жеңіс күні қарсаңында астаналықтарға «көк лента» таратылады

Астанада 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін «Жеңіс лентасы» жыл сайынғы патриоттық акциясы өтеді. Шараның басты мақсаты – ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалу. 2015 жылдан бері Жеңіс лентасы ресми деңгейде жаңатылып, жаңа дизайнда жасалды деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды.

«Жеңіс күні – барлық ұрпақты біріктіретін мереке. Дәстүр бойынша елімізде бұл күні фашизмді жеңген күннің белгісі ретінде георгий ленталарын тарату бойынша кең ауқымды акция өткізіледі. Бұл игі дәстүр жалғасын таппақ. Елімізде Жеңіс күнін мерекелеу символының ҚР мемлекеттік туы реңімен әдемі үйлесім тапқан қазақстандық нұсқасы жасалған», дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Жеңіс лентасы аспан көк реңді және ортасында алтын түсті ұлттық өрнек элементтері пайдаланып жасалған жібек маталы лента. Лентаның шеттерінде Отан соғысы Орденінің (дәрежесі көрсетілмеген) бейнесі орналасқан, бұл Ұлы Отан соғысында халқымыздың батырлығы мен ерлігін көрсетеді.Лента георгий лентасы бейнеленген және «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» жазуы бар төсбелгіге бекітілетін болады.

6 мамыр күні сағат 12:00-де акцияның басталуына қалалық алаңда қалалық мәслихат депутаттарының, жастардың және БАҚ өкілдері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін ленталар 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейінқаланың бірнеше нүктесінде, соның ішінде «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр», «Mega Silk way» сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында және Студенттер саябағында таратылады.

Ленталарды елорда тұрғындары мен қонақтарына әскери киім стилінде костюмдер киген еріктілер табыстайды. Ленталар таратылатын орындарда Естелік қабырғалар орналасатын шатырлар болады.

Сонымен бірге, 9 мамыр күні өтетін екі мерекелік шара барысында да елорда тұрғындары мен қонақтарына Жеңіс ленталары беріледі. Атап айтқанда, сағат 10:00-де 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Мемлекет басшысының қатысуымен «Отан қорғаушылар» монументіне Даңқ гүл тізбегін қою рәсімі барысында және «Жаужүрек полк - әлем маршы» акциясы барысында Жеңіс ленталары таратылмақ.