15.12.2014, 09:47

«Шымбұлақ» ТМД-ның 15 үздік тау-шаңғы курорттарының тізіміне енді

Сурет, news.gazeta.kz

Forbes журналы қазақстандық «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасын ТМД елдерінің 15 үздік тау-шаңғы курорттарының тізіміне кезекті рет енгізіп отыр.

Шымбұлақтың тау-шаңғы жолдары Халықаралық тау-шаңғы спорты федерациясымен (FIS) аттестатталған. Онда кәсіби шаңғышылар мен бұл спортпен енді айналыса бастағандарға арналған жолдар бар.

Айта кетейік, 2013 жылы «Шымбұлақ»  тау-шаңғы базасы қысқы демалысқа арналған 10 үздік курорттар тізіміне кірген болатын.