$ 446.49  475.38  4.79

Кубада ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың барлығы қаза тапты - БАҚ

Сенбі күні Кубада Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. CiberCuba интернет-порталының мәліметінше, бортта болған адамдардың барлығы қаза болды.

ТАСС агенттігі NTN24 телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Баракоа қаласынан ұшып шыққан Aerogaviota кубалық әуе компаниясының ұшағы аралдың батыс бөлігінде орналасқан Пинар-дель-Рио қаласы аумағында радардан жоғалып кеткен. Aerogaviota авиакомпаниясы ұшақтың апатқа ұшырағанын растады. Шетелдік БАҚ-тардың бірі әуе көлігінде 39 адам болғандығын және 8 адамның қаза болғанын хабарласа, CiberCuba порталы оқиға салдарынан тірі қалғандар жоқтығын жазуда.

Порталдың хабарлауынша, ішкі рейсті жүзеге асырмақ болған ұшақтың сынықтары Гаванадан батысқа қарай 80 шақырым жерде, Лас-Ломас-де-Сан-Кристобаль  аталатын туристік аймақтан табылды. Ұшақ бортында кімдердің болғаны белгісіз. Кубаның ресми билігі оқиғаға қатысты әзірге ешқандай ақпарат таратпады.

Дерекөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары