$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Биыл 22-25 маусым күндері аралығында Астанада Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтеді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтында жазылған.

Қауымдастық президиумы төрағасының орынбасары Сұлтанғали Балғабаевтың айтуынша, биылғы құрылтайда шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанға оқуға шақыру мәселелері талқыланбақ.

"Құрылтайдың мақсаты - шетел қазақтарының Қазақстанға деген қызығушылығын арттырып, елге шақыру, олардың неге мұқтаж екенін білу", - дейді Балғабаев.

Ұйымдастырушылар биылғы құрылтайға түрлі салаларда жетістікке жеткен шетелдегі дарынды қазақ жастарын шақырып отыр. Жиынға әлемнің 40 елінен келетін 350-ден астам қазақ пен халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Дүниежүізі қазақтарының ең алғашқы құрылтайы 1992 жылы Алматыда өткен болатын. Екіншісі 2002 жылы Түркістанда ұйымдастырылса, 2005 және 2011 жылдары әлем қазақтары Астанаға жиналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары