17.12.2014, 04:25

Еліміздің басым аумағында ашық ауа райы сақталады

meteovesti.ru

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында ауа райы ашық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда, 15-20 м/с жылдамдықпен жел, түнде боран соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, күндіз және таңертең желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз және таңертең Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін, түнде кей жерлерде тұман түседі.