Оқиға Есілдің сол жағалауындағы тұрғынүй кешендерінің бірінде орын алған. Жас шамасы әлі анықталмаған қыз баласы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен деп жазады «NewTimes.kz».
Куәгерлердің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 11:00 шамасында "Новый мир" тұрғынүй кешенінде орын алыпты. Секірген қыз жерге емес, көліктің үстіне түскен. Оның тірі қалғаны да белгілі. Қазір оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.