$ 498.51  522.84  4.81

Астанада Smile Astana жобасы басталды

Жоғары оқу орындарының арасында «Астана жалыны-2017» жастардың шығармашылық фестивалін өткізу барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «Smile Astana – Ақжарқын Астана – Астана – город добрых и улыбчивых людей» жобасын өткізуді ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Smile Astana жобасын қолға алып, Астана тұрғындары үшін ережелер жинағын құруды ұсынамын. Бір-бірімізге, айналадағыларға күле қарап, қарияларға көмектесейік, кезекте тұрғанда қарт адамдарды, жүкті әйелдерді алға өткізіп, сыпайы болайық», – деп үндеді қала басшысы шығармашылық фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

Әкімнің бұл ойын қаланың жастар бірлестіктері мен ұйымдары қолдап, Smile Astana жобасын іске асыруға тұжырымдамалық негізде кірісті. Нәтижесінде елорданың бақытты тұрғынының бейнесін қалыптастыруға бағытталған жаңа мәдени тренд пайда болды. Жоба шеңберінде түрлі акциялар, жастардың флешмобтары және көңілді байқаулар қарастырылғар. Сондай-ақ, қалада ең жарқын жүзді адам/әдемі күлкі байқауы жарияланады.

Бұған қоса, қала көшелерінде, қоғамдық орындарда және қалалық көліктерде жастар ұйымдарының өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарына смайлдар таратады, көшеде алып қуыршақтар өнер көрсетеді. Ал әлеуметтік желілерде #smileastana, #ақжарқынастана хештегтерімен посттар құрылады.

Сонымен бірге, қала көшелерінде қала тұрғындарының көңілін көтеретін смайлдары бар тизерлер мен билбордтар пайда болады.

Жобаның негізіне әлемдік тәжірибенің трендтері негізге алынып, ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарын жақсы көңіл күйге келтіру мақсаты қойылып отыр.

2016 жылы әлемдегі ең бақытты мемлекет атағын Дания (World Happiness Report 2016) елі иеленген болатын. Бұл рейтингте Қазақстан 54-ші орын алады (Ресей – 56-шы).

Астана маңызды шара – ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдауға дайындалуда. Елордаға шетелден мыңдаған қонақ келеді, олардың ішінде әлеуетті туристер, инвесторлар және еліміздің шет мемлекеттердегі болашақ бренд-амбассадорлары болады. Сол себепті дәл қазір елорда тұрғынының рухы мен бейнесін қалыптастыру үшін тиімді уақыт және бұған әрбір елордалық үлес қоса алады.

Әлемдік тәжірибе бойынша, мұндай науқандар белгілі брендтерге айналған: The Coca Cola Company – «Happiness starts with a smile» жобасы, Confidence Coalition – «You Make Me Smile» Campaign жобасы, Bucks New University Smile Campaign, Savers Smile Campaign және т.б..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары