05.05.2017, 05:49

Шымкентте тағы жер сілкінді

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық станциялар желісінде 2017 жылдың 5 мамырында жер сілкінісі тіркелді деп жазады Tengrinews.kz.

Жерасты дүмпуі сағат 11.09-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының 590 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 13,3, ал магнитудасы 5,9-ға тең. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

Сондай-ақ, Шымкент тұрғындарының 2 балл жер сілкінісін сезгені айтылады.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілген болатын. Сейсмологтардың мәліметінше, 3 мамырда шамамен сағат 10.49-да Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген.