Ресейдегі Вологдалық мойынтірек зауыты мен "Ренессанс" құрылыс команиясы 14 мың өзбекстандыққа жұмыс ұсынды деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Өзбекстан Еңбек министрлігінің Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Карим Бахриевтің айтуынша, Вологдалық мойынтірек зауыты Өзбекстанның 2 мыңға жуық маманы мен жұмысшысын жалдайтын болды. 3 мамырда аталған зауыт директорының орынбасары Виктор Попов 200 өзбек азаматымен әңгімелесті.
Бұған қоса, 12 мың өзбек жұмысшысын ресейлік "Ренессанс" құрылыс компаниясы шақырып отыр.
Карим Бахриевтің айтуынша, өткен жылы Өзбекстан Еңбек министрлігінің өкілдері Ресейдің бірқатар аймақтарын аралап, бірнеше еңбек келісіміне қол қойып қайтқан.
4-5 сәуірде өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Ресейге мемлекеттік сапары кезінде 55 құжат қабылданды, солардың бірі өзбек азаматтарын Ресейде уақытша еңбек етуді ұйымдастыруға арналған.