Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан және мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметкерлерінің жалақысы 1 шілдеден бастап 25%-ға көбейтіледі, деп хабарлады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекет қиындықтарға қарамастан, "әскери қызметкерлердің жағдайын жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды"."Біз халықтың игілігі үшін сіңірген еңбектеріңіз бен жүгі ауыр қызметтеріңізді жоғары бағалаймыз. Сол себепті Тәуелсіздік пен Қарулы күштердің 25 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан және мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметкерлерінің жалақысын 1 шілдеден бастап 25%-ға көбейтуге шешім қабылдадым", — деді Елбасы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңындағы марапаттау салтанаты алдында.
Дереккөз: Sputniknews.kz