18.12.2014, 10:55

Қостанай облысында тілсіз жау ер адамның өмірін қиды

Сурет, .sayanogorsk.info

Қостанай облысы Айдарлы ауылында өрт салдарынан 40 жастағы ер қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне cілтеме жасап. 

«17 желтоқсанда түнде пәтерде от шыққан. Тілсіз жау 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Қожайынның мәйіті еденде жатқан күйінде табылып, Әулиекөл ауданының орталығына сот-медициналық сараптама жасауға жіберілді», – делінген хабарламада.

Өртті қаза тапқанның адамның көршілері ауыздықтады.Өрттің шығу себептері әзірге анықталмады, алайда бұл қасақана жасалды деген болжам бар. Тергеу амалдары жүргізілуде.