«Қазконтент» АҚ-на соңғы екі жылда осымен үшінші төраға тағайындалып отыр. Бұл жолы медиа-компанияның тізгінін әлі 30-ға толмаған Евгений Кочетов ұстады. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлап отыр.
Айта кетсек, Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрін тәмамдаған. «Kaztŭbe» порталының жетекшісі, «Казконтент» АҚ басшысының орынбасары, «Informbŭro», «Vlast» порталдарының экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate groŭp» атқарушы директоры, «Корпорация «Цесна» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған. Соңғы қызметі - «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК.
Бұған дейін компанияны Шыңғыс Шарапиев басқарған болатын. Ол бұл қызметте небәрі жарты жылдан астам уақыт отырды. Ал, оның алдында төраға болған Асқар Ахметов те жылға жетпейтін уақытта төрағалықтан босап қалған еді.