19.12.2014, 06:14

Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті

Сурет, © СТВ

Алматыда көліктердің бетпе-бет соғылуынан үш адам зардап шекті,  деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев және Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетті де, Mercedes Benz-пен бетпе-бет соғылған. Көліктер жол жиегінде тұрған Lexus пен Toyota Camry-ді қақты.

Оқиға салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, көліктің артқы орындығында отырған бір қыз алдыңғы әйнектен шығып кете жаздаған.