$ 447.4  477.55  4.76

NewTimes.kz «Oibai Questions» жобасын іске қосты

NewTimes.kz ақпараттық агенттігі «Oibai Questions» видеожобасын іске қосты. Жобаның роликтерін YouTube бейнепорталындағы «NewTimes.kz» каналынан көруге болады.

«Oibai Questions» жобасының қонақтарына өткір, құйтырқы және барынша ашық сұрақтар қойылады. Ал, жобаға қонақ ретінде елімізге танымал азаматтар шақырылмақ. Сұрақ-жауап небәрі 1,5 минут уақытты алады. Ал, ол сұрақтарға студия қонағы тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Жобаның ең алғашқы қонағы — Қазнеттегі танымал вайнер алматылық Нағима Ахметова (@nagimuwaa). Оның сұрақтарға қалай жауап бергенін көргіңіз келсе «Oibai Questions» жобасының бірінші сериясын қараңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары