19.12.2014, 12:20

Елбасы ресми сапармен Украинаға барады

Сурет, © president.gov.ua

22 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жұмыс сапары жоспарланған. Сапар барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі деп, хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады.

Ал, 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.