$ 513  541.16  4.69

Алматыда автобуспен соқтығысқан "Гелендваген" жүргізушісі прокуратурадағы жұмысынан кетті

Алматыда жол талғамайтын Mercedes-Benz көлігі мен жолаушылар автобусы 11 мамыр күні таңертең соқтығысқан болатын. Мерседесті тізгіндеген прокурор автобус жүретін жолаққа өтіп кетіп, салдарынан ірі жол көлік оқиғасы орын алған еді.

Жол апатына кінәлі прокурор сол кезде көпшіліктен кешірім сұрағаны есте. Ал, күні кеше ол қызметінен кетіпті. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бекзат Бөшен еңбек демалысынан шыққаннан кейін өз қалауымен қызметтен кету туралы өтініш жазды. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс жалғасып жатыр", - делінген аталған хабарламада.

Еске салайық, аталған жол апатынан 22 адам зардап шеккен болатын. Олардың қатарында прокурордың 2 жасар баласы да бар. Дәрігерлер сәбиді ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызған.

Кейінірек анықталғандай, қымбат көлік прокурордың өзінікі емес болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары