$ 494.87  520.65  4.91

Астана қаласынан күн сайын 1000 тоннадан астам қоқыс шығарылады

Бүгінгі таңда Астанада 1842 алаңда 9227 қоқыс жәшігі қойылған. Астана қаласының әкімдігі елорда төңірегінде пластикті бөлек жинау үшін 686 контейнер, тұрғындарға құрамында сынап бар шамдар салу үшін 670 жәшік, ал жер үйлерде күлге арналған 300 контейнер қойды және электронды тұрмыстық өнімдерге мамандандырылған сауда үйлерінен электронды қалдықтардың жиналуын ұйымдастырды.

2017 жылдың аяғына дейін қалада макулатура жинауға арналған арнайы жәшіктер қою жоспарланған.

2012 жылдан бері Астанада қоқысты қайта өңдейтін кешен жұмыс істейді. Онда сұрыпталып, елордадан жиналған қоқыстар өңделеді.Қазір зауытта қалдықты қабылдау көлемі тәулігіне 700 тоннаны құрайды. Қайта өңдеу тереңдігі -8%. Ал қалған 92% полигонға көмуге апарылады. Ондай қоқыстарАстана-Павлодар тасжолының алтыншы шақырымында орналасқан қалдықтарды көмуге арналған жалғыз арнайы рұқсатт етілген орынға шығарылады. 

Астана аумағынан қоқыстарды шығаруға қоқыс тазалайтын мекемелердің мамандандырылған 70-тен астам техникасы жұмылдырылған. Коммуналдық қалдықтардың жиналу нормасы абаттандырылған сектордың бір тұрғынына 2,16 м³ ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) жылына және жеке сектор тұрғынына - 2,3 м³ құрайды. Ай сайынғы қоқысты шығару тарифі адам басына 260 теңге.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Астана қаласының әкімдігі «PricewaterhouseCoopers» халықаралық консалтингтік компаниямен бірлесіп, елордада қалдықтарды басқару бойынша бағдарлама жобасын жасады. Бағдарламада «жасыл энергия» өндіретін қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық технология енгізу қарастырылады және органикалық қалдықтарды метанизациялау бойынша технология орнату арқылы биогаз алу және қалдықтарды өңдеу тереңдігін 2019-2020 жылдары 75%-ға жеткізу көзделген. Қалған 25 пайыз ҚТҚ (күл, құм, т.б.) полигонда көміледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары