22.12.2014, 03:05

Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады

Сурет, news.mail.ru

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік-батысында аздап боран соғады, ал еліміздің шығысында, орталығы мен оңтүстігінде күн ашық болады. 

Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, көктайғақ болады.  Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болдаы, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Қостанай облысында тұман түседі, таңертең және күндіз аздап боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынла кей жерлерде тұман түседі.  Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел соғады, түнде және таңертең көктайғақ болады деп болжануда.