$ 448.15  483.46  4.86

Астанада оркестрлер шеруінің өтуіне байланысты жолдар жабылады

Жолдар балалар және жастар музыкалық оркестрлері шеруінің өткізілуіне байланысты жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

30 мамыр соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау және 1 маусым шеру өтетін күні келесі бағыттар бойынша жол жабылады: Қала әкімдігі ғимараты алдындағы алаң - Абай көшесі - Республика даңғылы - Кенесары көшесі - Бейбітшілік көшесі - қала әкімдігі ғимаратының алдындаға алаң.

1 маусымда елорда көшелерімен халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Іс-шара аясында 4000 мыңнан астам қатысушылар: барабаншылар, үрмелі оркестр және ансамбльдер, әскери киім киген қолдаушы топ, қаланың жастар және балалар хор және би ұжымдары елорда көшелері мен даңғылдары арқылы жүріп өтеді.

Шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады. 1 маусымда бір уақытта сағат таңертеңгі 11-де еліміздің барлық аймақтары және Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Елордада салтанатты шеру Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары