$ 448.56  478.03  4.79

Астанада ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылатын болды

7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астамбарлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, тек өндіріс аймақтарынан бөлек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шара ЭКСПО-2017 өту барысында Астананың көліктік желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың коммерциялық қызметін жүзеге асыру және қолайлы болу үшін сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүк көліктеріне рұқсат етіледі.

Транзиттік жүк көліктеріне арналған шектеу қойылған аумаққа енбейтін айналма жолдар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары