$ 444.22  476.38  4.82

Лондонда лаңкестер 6 адамды өлтірді, жараланғандар саны көп

Кеше түнде Лондонда орын алған қос бірдей лаңкестік оқиғадан алты адам қаза тауып, елуге жуығы жараланды. Бұл туралы ақпарат қалалық полицияның ресми сайтында жарияланған.

Үш лаңкес алдымен көліпен көпірдің үстінде бірнеше адамды қағып кетсе, артынша Боро базарында пышақпен ойран салған. Полицейлер оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.

"Кеше кешкі сағат 22:00-де қаладағы көпір үстінде автокөлік жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабар келіп түсті. Көлік Лондон көпірінің үстімен одан әрі жылжып, Боро базарына дейін келген. Мұнан кейін күдіктілер көліктен түсіп, пышақпен адамдарға шабуыл жасады. Жарақат алғандар қатарында кезекші полицей де бар", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Құқық қорғаушылар күдіктілердің үшеуін де атып өлтірген. Олардың үстінде бомбаға ұқсас жилеттер болыпты. Алайда, тексеру барысында оның муляж екені анықталған.

Лондон полициясының ресми деректерінде 6 адамның қаза тапқаны айтылып отыр. Істі терроризмге қарсы бөлім тексеріп жатыр. Жедел жәрдем қызметі болса 48 адамның жараланғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары