$ 447.4  477.55  4.76

Ташкентте студенттің өлімінен кейін жүздеген адам наразылық акциясын ұйымдастырды (ВИДЕО)

4 маусымда Ташкентте «Дустлик» саябағында жүздеген адам 17 жастағы Жасур Ибрагимовтің өлімін тергеуді талап етті. Ол медициналық колледждің жанында ауыр соққыдан кейін көз жұмған деп жазады Centralasian.org.

Оқиғадан кейін Жасурға бес рет операция жасалып, бірақ 1 маусымда қаза тапқан. Ташкенттің ішкі істер басқармасы бірнеше күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Ташкентте студенттің өлімін ашық тергеуді талап еткендер ел президентінің атына ашық хат жазды. Gazeta.uz интернет басылымының хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың атына жазған ашық хатқа 400-ден астам адам қол қойған. Ташкент ІІБ басшы орынбасары Дониёр Ташходжаев акцияға шыққандармен кездескен.

4 маусымда акция болатын жөнінде әлеуметтік желілерде хабарланды. Ақпаратты кемінде 13 мың қолданушы бөліскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары