$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда ана өлімі 25-ға төмендеген

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы жылдың 11 айы ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. Осылайша, бейінді ведомствоның мәліметінше, елімізде ана өлімі 25%-ға төмендеген, деп хабарлайды BNews.kz .

«Қазақстанда 2014 жылдың 11 айы ішінде ана өлімінің көрсеткішіөткен жылмен салыстырғанда 25%-ға азайды», -деген дерек келтірді ведомстводағылар. 2013 жылы бұл көрсеткіш 13,2%-ды құраған еді.

Министрліктен хабарлағандай, Жамбыл, Ақмола облыстарында және Астана қаласында ана өлімінің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматыда ана өлімінің көрсеткіші өзгелермен салыстырғанда төмен. 

Көп жағдайда ана өліміне жүктілік пен босанудың асқынуы себеп болған – 64%, ал басқа жағдайларда әйелдер жүктілікпен байланысы жоқ аурулардың өршуінен көз жұмған. 

«Жүктілік пен босанудың асқыну жағдайларының жартысына жуығы созылмалы аурулармен байланысты болды», – деді министрліктен. 

Айта кетсек, биыл 11 ай ішінде елімізде сәби өлімі өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға төмендеген. 

«Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында сәби өлімінің көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары. Ал Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола облысында аталмыш көрсеткіш басқаларға қарағанда төменірек», – деп толықтырды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары