25.12.2014, 03:15

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Сурет, ru.gde-fon.com

Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, қар жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

«Қазгидроменттің» хабарлауынша, республиканың солтүстік-батысында түнде қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының кейбір аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында жел соғады, оның күші 25 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 дейін жетеді, Ақмола облысында жел екпіні 25 м/с құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, жел күші 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ, 25 желтоқсанда желдің күшеюіне байланысты Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды. Облыстың кей жерлерінде жел 25 м/с жетеді. 26-27 желтоқсанда кейбір аумақтарда бұрқасындатады, жел күші 25 м/с құрайды. Астанада 25-27 желтоқсанда бұрқасындатады, жел 15-20 м/с дейін жетеді.