25.12.2014, 04:22

Жаңа жыл қарсаңында әлемнің 7 млн-нан астам бүлдіршіні Санта Клаусқа хат жолдады

Сурет, world.fedpress.ru

Биыл әлем бойынша 7 млн-нан астам бала Санта Клаустың атына хат жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Бүкіләлемдік пошта одағына сілтеме жасап.

Сәбилердің арман-тілектерін орындауды сұраған хаттар Канада және Францияның пошта бөлімдерінде рекордтық көрсеткішке жетеді деп күтілуде. Өткен жылы осы елдің әрқайсысында 1 млн-нан астам бала өздерінің мерекелік тапсырыстарын пошта арқылы жіберген.

Көптеген елдерде аз қамтылған отбасылардағы балаларға Сантадан сыйлық тапсыруды көздейтін әлеуметтік бағдарламалар бар. Мәселен, Португалияда балалардың хаттары арнайы веб-сайтқа орналастырылады, осылайша, кез-келген адам олардың кішкентай арманын орындай алады. Балалар көбіне ойыншықты қалайды, алайда соңғы кездері киім-кешек, үй жануарларын, сонымен қатар іні-қарындастарының болуын сұрайтындардың қатары артуда.

Азиялық балалар денсаулық пен бақыт тілейді екен. Ойыншықтар – көбіне еуропалық балалардың сұранысы. Ал АҚШ-та «Сантаға хат» арнайы бағдарламасына 20-дан астам пошта бөлімшелері атсалысады, деп жазады Белта.