25.12.2014, 05:15

Қарағанды облысында жолдар жабылды

Сурет, forum.awd.ru

Қарағанды облысында көктайғақ болуына байланысты көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазавтожол» РМК сайтына сілтеме жасап. 

Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1492-1610 шақырымының Қарағанды-Ақсу-Аюлы бөлігі жабық.  Сонымен бірге көктайғақ салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1610-1994 шақырымындағы Ақсу-Аюлы-Сарышаған бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды.