25.12.2014, 06:32

Алматыда Орталық стадион маңында жарылыс болды

Сурет, © СТВ

Алматыда аялдамада орналасқан дәмханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам күйіп қалды,  деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Төтенше оқиға 25 желтоқсан күні 00.30 шамасында Абай даңғылының Шагабутдинов көшесіне жақын тұсындағы  – Орталық стадионға қарама-қарсы аялдамада болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа дәмханадағы пеш ішіне жиналып қалған газ себеп болған, газ баллонының жарылғаны нақтыланып отыр. Оқиға салдарынан дәмханада болған бір әйел күйіп қалды.