$ 444.32  473.33  4.76

Астанадағы автобустардың қозғалыс бағыттары тағы өзгерді

22 маусым күні қаланың кейбір жол учаскелерінде сағат 7:00-21:00 аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы шектетілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ахуал орталығы.

№ 46 (Көктал-2) бағыттағы соңғы аялдамада жол жабындысы опырылып түсті. Сонымен қатар, асфальт жабындысының ойылып қалуына орай №76 бағыттағы қоғамдық көлік «Магазин «Рита» соңғы аялдамасына кіре алмайды. Әскери бөлім ауданында Теміржол тұрғын үй алқабында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №22 көлік қозғалысы бағытын өзгертті. №34 бағыттың қозғалысы бойынша Ақтөбе көшесі, Ұлытау, Қосмұрын, Наурыз көшелерінің бөлігі да жабық. №302 маршруттың қозғалысы бойынша Қосшы кентінде Абай көшесі жабылды.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары алдын ала бағыттарын анықтап алғандары жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары