25.12.2014, 09:16

Облыстардың Жаңа жыл мерекесіне қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды

Сурет, anatili.kz

Елдегі өзге қалалар осы мерекеге қанша қаржы шығындайды? Біз өңірлердің биылғы дайындығын білуге тырыстық.  Мерекелік шырша мен оны безендіруге көлемді ақша бөлгендердің қатарын Қарағанды бастап тұр, деп хабарлайды «7 арна».

Қарағанды облысы Жаңа мерекесіне 199 млн. теңге. бөлген. Екінші орында Көкшетау – 41 млн. теңге. Атырау қаласы 40 млн. теңге жұмсаса, Ақтөбе 27 млн. теңгемен шектеліпті. Ал, Шым қала жаңажылдық көркейту жұмыстарына 25 млн. теңгені жаратса, Петропавл 18 млн. теңгені жеткізуге тырысқан. Қызылорда 16 млн. 500 мың теңге жұмсаса, ең соңғы орында Ақтау әкімдігі. Бұл шараға 16 млн. теңге беріпті.

Алайда, Астана мен Алматы қалаларының бұл шараға қанша қаражат жұмсайтыны белгісіз.

«Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне ресми хат жолдағанбыз. Әзірге ондағылар қанша қаржы шығындағанын есептеп үлгермей жатыр ма, әйтеуір үн қатпады», – делінген «7 арна» сайтында.