25.12.2014, 09:56

Шымкент түбінде қаза тапқан шекарашылар еске алынды

Сурет, © ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Бүгін қазақстандық шекарашылар өткен жылы Шымкент әуе жайында қаза тапкан әріптестерін еске алды, деп хабарлайды Skifnews. kz ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Шымкент түбінде болған қайғылы оқиғаға тура бір жыл толды. Әуе апатында біз командирлерді, жолдастарымызды, бізге жақын жандардан айырылдық», – деді ҰҚК төрағасының уақытша орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Дильманов.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Шекара қызметінің АН-72 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың 27 мүшесі қайтыс болған. Осы факт бойынша қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 392- бабы «Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу») қозғалған болатын. Нәтижесінде  «Қазәуенавигация» диспетчері Қанат Ақылбеков 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін Апелляциялық сот шымкенттік диспетчердің жазасын қысқартты. Жаза мерзімі 6 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды.