Шымкенттегі мұнай сақтайтын ірі базадан өрт шықты деп хабарлайды Informburo.kz. Апат салдарына бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар.
Алдын ала болжам бойынша, марқұм осы базада жұмыс істеген. Ол жанармайдың мөлшерін өлшеу үшін цистернаның қақпағын ашып көрмекші болыпты. Осы сәтте от лап қойған.
Қазіргі таңда өрт сөндірушілер қызыл жалынмен әлі арпалысып жатыр. Оқиға орнында ТЖД-ның 10-нан астам бригадасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 3 жедел жәрдем станциясы да келіп жеткен.
Мұнай базасының резервуарларында барлығы 2-2,5 тонна АИ-92 маркалы жанармай бар.