$ 444.22  476.38  4.82

Швециялықтар мешітті өртеп жіберді

Швецияның Эскильстун қаласында белгісіз біреулер мешітті өртеп жіберді. Оқиға болған уақытта мешітте 20-ға тарта адам ғибадат жасап жатқан, оның бесеуі өрт кезінде жараланған, деп хабарлайды Bnews.kz.

Куәгердің айтуынша, бір ер адам мешіттің терезесіне зат лақтырады. Осыдан кейін өрт басталып, тұтас ғимарат отқа оранады. Жедел жәрдем қызметі жараланғандарды ауруханаға жеткізген. Қылмысқа қатысты адам әлі анықталған жоқ, жергілікті полиция қызметкерлері оны іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары