Жаңалықтар 26.12.2014 сағат 05:44

Геннадий Головкин жыл боксшысы атанды

Орта салмақта WBA/IBF/WBC Interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин тағы да жыл боксшысы атанды, алайда бұл жолы қазақстандық былғары қолғап шеберіне бұл «атақты» америкалық World Boxing News порталының оқырмандары беріп отыр. 4000 мыңнан аса дауыстың 75%-ы Головкинге берілген екен, деп хабарлайды tofight.ru.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екінші орын супер ауыр салмақтағы WBA/WBO/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличкоға бұйырыпты, ол жалпы дауыс санының 10%-ын алған. Ал үздік үштікті жартылай орташа салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо 4% дауыспен тұйықтады. 

Одан кейінгі төртінші орынды оқырмандар даусының 3%-ын жинаған Амир Хан мен Сергей Ковалев бөлісті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Головкин Ringpolska сайты оқырмандарының нұсқасы бойынша жыл боксшысы атанған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар