26.12.2014, 06:34

Шекарадан 150 келі теңіз шаянын заңсыз өткізбек болған азамат құрықталды

Cурет, © barnaul.fishretail.ru

Шекарашылар 150 км-ға  жуық теңіз шаянын Ресей ауамағына алып өтпек болған азаматтың жолы болмады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты Орал шекара отрядының «Ақсай» (автомобильдік) бақылау өткізу бекетінің бақылаушылары салмағы 150 кг болатын теңіз шаяндарын заңсыз жолмен әкетіп бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.