$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауып, боран соғады

Қазақстанда демалыс күндері қар жауады, бірқатар өңірлерде күшті жел тұрып, көктайғақ болады деп хабарлайды  Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

«Еуропалық Ресейде қатты қар жаудыртқан, циклон, Батыс  Сібірге жылжи отырып, өзінің оңтүстік бөлігінде Қазақстанның ауа-райына ықпал етеді. Ертең, 27 желтоқсанда, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болып, күшті батыс желі соғады», – делінген хабарламада.  

Желтоқсан мен дүйсенбі күндері жауын-шашын тоқтап, температура төмендей бастайды.

«Ал батыс облыстарда қар циклоны қайтадан жүре бастайды, ол жерлерде онымен байланысты қар жауып, көктайғақ болып, желдің   күші 15-25 м/с дейін көтерілуі күтілуде», – дейді «Қазгидромет» мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары