$ 443.85  474.3  4.8

Алматылықты өлтірген қылмыскер Қырғыстанда қолға түсті

Алматы тұрғынын балталап өлтірген қылмыскер Қырғызстаннан ұсталды, деп хабарлайды Bnews.kz Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның басында Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан фермерлік қожалықта жергілікті тұрғындар айуандықпен өлтірілген жас жігіттің мәйітін табады.

Кейіннен белгілі болғанындай, мерт болған жігіт шаруа қожалығының басшысы екен. Полицейлер тексеру жүргізе келе, қожалық басшысын Қазақстанға жұмыс іздеп келген Қырғызстан азаматы балтамен ұрып өлтіргенін, оны балтада қалып қойған қырғызстандықтың саусақ іздерінен анықтайды.

Тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында полиция қызметкерлері Қырғызстанның Ош қаласына барады. Ол жерде жергілікті әріптестерінің көмегімен күдіктіні қолға түсіреді.

«Қазіргі кезде осы қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қырғызстанда уақытша тергеу изоляторында отыр», ‒ дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары