27.12.2014, 09:37

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймақтарында жолдар жабылды

Сурет, tengrinews.kz

Қарағанды және Павлодар облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында бұрқасын соғып, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы жабылды.

Павлодар облысында да ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 1135-1205 шақырымдағы учаскесі ‒ Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі аралығы жабылды.