Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстікке қарай 301 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 желтоқсан күні сағат таңғы 05:41:59-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстікке қарай 301 км қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.8, магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым.
Алматы қаласында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.
.