$ 443.85  474.3  4.8

Жоғалып кеткен Air Asia рейсіне 10 адамнан тұратын отбасы кешігіп, аман қалды

Сингапурге аттанған жоғалып кеткен Air Asia рейсіне кешігіп қалған 10 адамнан тұратын отбасы аман қалды, деп хабарлады РИА Новости.

Индонезиялық Сурабаидан Сингапурге ұшып шыққан Air Asia компаниясының Airbus A320-200 авиалайнері жексенбі күні диспетчер радарынан жоғалып кетті.  Соңғы рет ұшақ 03 сағат 24 минутте (мәскеу уақытымен) байланысқа шыққан. Әуе кемесінің бортында 155 жолаушы және экипаждың жеті мүшесі болды.

Отағасы Ари Путро Каньехо Sydney Morning Herald  газетіне ол электрондық поштасын тексермегенін, ал оған Air Asia авиакомппаниясынан ұшу уақыты екі сағатқа ерте белгіленгенін ескертпегенін айтты. Дегенмен отбасы бірнеше минут қана кешігіп  әуежайға жетті. Бірақ та ұшақ көтеріліп кеткен, олар компания қызметкерлерімен сөзге келіп жатпады, басқа ұшақпен ұшуға ұйғарды.

Алайда оған сол арада компания өкілі келіп, оларды таңғалдырған жаңалықты жеткізді. «Сіздерге бұл тамаша Рождество тартуы болды. Сіздер ұшуға тиіс ұшақ апатқа ұшырады», – деген компания өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары