$ 444.32  473.33  4.76

Курчатов қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Курчатов қаласында болып, қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты, сондай-ақ активпен кездесу өткізіп, кадрлық ауыс-түйістер туралы хабардар етті. Бұған қоса, қаланың жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қалалық мәслихат сессиясында ШҚО әкімі депутаттармен келісуге Курчатов әкімі лауазымына Нұрбол Нұрғалиевтың кандидатурасын ұсынды. Ал қаланың бұрынғы басшысы Дмитрий Гариков Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын мәлім етті. 

Даниал Ахметов Нұрбол Нұрғалиевтың бұдан бұрын Аягөз ауданының әкімі қызметін атқарғанын, екі жоғары білімі бар екенін атап өтіп, жаңа басшының алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімділік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары