$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде соңғы үш жылда қылмыс саны 4,2%-ға азайған

Осы жылдың 11 айы ішінде ҚР ІІМ желісі бойынша 305,4 мың қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сонымен қатар, соңғы үш жылда алғаш рет қылмыс саны 4,2%-ға азайған.

«Ауыр (-17,8%, 24 мыңға дейін) және аса ауыр (-18,5%, 1863-ке дейін) қылмыстар, кісі өлтіру (-19,8%, 837-ге дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-12,5%, 1,4 мыңға дейін), қарақшылық (-32,8%, 870-ке дейін),тонау (-24,8%, 13,1 мыңға дейін), бұзақылық (-14,1%, 23,5 мыңға дейін), ұрлық (-2,1%, 187 мыңға дейін) және басқа да қылмыстар саны қысқарды. Қылмыстарды ашу көрсеткіштері жақсарды», – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сондай-ақ, 3,2 мыңнан астам есірткі қылмысы, оның ішінде 1,9 мың сату фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан полиция қызметкерлері 25,5 мыңнан астам есірткі, оның ішінде 232 кг героинды тәркілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары