$ 446.49  475.38  4.79

Шекарашылар қомақты қаржыны заңсыз өткізбек болған азаматтардың жолын кесті

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар елімізден көршілес Өзбекстанға әшекейлі заттар мен жарияланбаған қомақты қаржыны өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б. Конысбаев»  атындағы (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары алтын мен гауһар тастардан жасалған әшекейлі заттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. 

Заң бұзушылардан ұзын саны 14 дана болатын, алтын мен гауһардан жасалған әшекей заттар алынды: алтын, сырға, білезік және қолсағаттар. Сондай-ақ олардан – 76800 АҚШ доллары, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары