$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында барымташы ұсталды

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының шекарашылары заставадан 8 шақырым қашықтықта Қырғыз Республикасынан біздің елімізге заңсыз түрде 5 бас жылқыны өткізбек болған белгісіз адамның жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз адам шекара нарядының жақындап келе жатқандығын байқаған бетте көршілес елдің аумағына қарай қашып барып, жасырынды.  

Оқиға болған орынды қарағанда шекара бойындағы тікенек сымдардың қиылғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары