$ 444.22  476.38  4.82

Гуантанамо түрмесіндегі тұтқындар Қазақстанға ауыстырылатын болды

АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінде жатқан 5 тұтқын Қазақстан түрмесіне ауыстырылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Қылмыскерлердің үшеуі Йемен және екеуі Тунис азаматы, олардың әрқайсысы абақтыда 10 жылдан астам өмірін өткізген. Тұтқындардың барлығы Әл-Каида лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен түрмеге тоғытылған. Америка үкіметінің хабарлауынша, қылмыскерлердың қоғамға титтей де зияны жоқ көрінеді. Қазақстан тарапы тұтқындарды қабылдаудан бас тартқанына қарамай, ұзақ жылға созылған келіссөздер нәтижесінде олар еліміздің түрмелеріне ауыстырылатын болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Гуантанамо түрмесінде 127 тұтқын қалып отыр, олардың жартысынан астамы Йемен азаматы. Алайда, АҚШ үкіметі тұтқындарды босатып, еліне қайтаруға асықпай отыр. Себебі – Йемендегі ахуал өте шиеленісті жағдайда, сондықтан АҚШ билігіндегілер олардың көп ұзамай, абақтыдан босап шығуынан қорқып отыр.

АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабатынын 2008 жылы мәлім еткен болатын. Конгрестегілердің басым бөлігі тұтқындарды АҚШ-тың өзге түрмелеріне ауыстыруға қарсы шығып отырғандықытан, Ақ үй басшылығы өзге елдермен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болып отыр. 2014 жылы Гуантанамо түрмесіндегі 28 тұтқын Словакия, Грузия, Ауғанстан және Уругвай түрмелеріне ауыстырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары