$ 511.22  540.05  4.73

Қазақстанда қылмыстан жәбiр көргендердiң материалдық шығындарын өтейтiн қор құрылады

Қазақстанда қылмыстан жәбiр көргендердiң материалдық шығындарын өтейтiн қор құрылады. Бұл туралы Бас прокуратурада жаңа Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға көшу мәселелеріне арналған брифингте Қылмыстық процестiң сотқа дейiнгi сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Әмiрхан Аманбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оның айтуынша, аталған қор жаңа Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес қылмыскерлерден тәркiленген және заңсыз табылған мүлiктердiң негiзiнде құрылмақ.

«Шет елдерге қашып кетiп немесе iзiн жасырып, ұстатпай жүретiн қылмыскерлер бар. Iс ұзаққа созылып, жапа шеккендердiң моральдық және материалдық шығындары өтелмей қалады. Сондықтан Қазақстанда қылмыстан жәбiр көргендерге көмек беру және материалдық шығындарды өтеу қоры құрылады. Бұл тәжiрибе батыс елдерiнде бар. Ендi сондай қор бiзде де құрылатыны анық. Тиiстi жұмыстар атқарылуда», – деп атап өттi Әмiрхан Аманбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары