06.01.2015, 03:03

Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

Сурет, expertonline.kz

Қазақстан аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ орын алып, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

 

Қостанай облысында желдің күші  15-20 м/с-қа жетіп, күндіз боран соғады, түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, боранға ұласқан жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел боранға ұласады, жылдамдығы -15-20 м/с.

Қарағанды облысында боранды жел 15-20 м/с-қа жетіп, тұман, көктайғақ орын алады.

Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ, боран болып, күндіз  жел 15-20 м/с-қа   күшейеді.

Атырау облысының кейбір аумақтарына тұман, көктайғақ орын алса, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа жетеді.