06.01.2015, 03:36

Амстердам соты скиф алтыны туралы істі қарауда

Сурет, inform.kz

Қырым мұражайының қызметкерлері Нидерландыдан скиф алтыны коллекциясын қайтарып алу туралы іс бойынша Амстердам сотына өз дәлелдерін ұсынуға әзірлік үстінде, деп мәлімдеді Таврида Орталық мұражайының директоры Андрей Мальгин.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Қарашаның соңында Амстердам сотына төрт қырымдық мұражай Аллард Пирсон мұражайына ұжымдық талап арызбен шағымданды, арызда  Нидерландыдан скиф алтыны коллекциясын Қырымға қайтару талап етілген. Бұл жәдігерлерге украиндық тарап та үміттеніп отыр.

Іс бойынша бірінші тыңдау 21 қаңтарда өтеді.

Мыңнан астам жәдігер мен скиф алтыны коллекциясы Қырым Ресейге қосылмай тұрып, ақпанның басында Амстердамдағы Аллард Пирсон археологиялық музейіндегі көрмеге қырымдық мұражайлардан жеткізілген.

Коллекциялар Таврида орталық мұражайы, Керченск тарихи-мәдени қорық, Бақшасарай тарихи-мәдени қорық және «Херсонес Таврический» ұлттық қорығынан әкелінді.

Украинаның мәдениет министрлігі коллекция экспонаттары Киевке қайтарылуы тиіс деп санайды.